ПАВЛОДАР ИМАМДАРЫ ИГІ БАСТАМАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
ПАВЛОДАР ИМАМДАРЫ ИГІ БАСТАМАЛАР  ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
10.01.2020 10:04
518
0

Павлодар облысының қала, аудан мешіті имамдары өткен жылы атқарған іс-қызметтеріне есеп беріп,  2020 жылдағы  келелі міндеттерін  талқылады. 2020 жылдың алғашқы мәжілісінде облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы әрбір қала, аудан  имамынан:

 «Мешіттеріңде пәтуа беру мәселесін қай имам жауаптанады?, Ағымдармен күрес, неше адамды дәстүрлі мәзһабқа қайтардың?,  Нұр –Мүбарак университетіне және  облыстағы «Әбу Бәкір сыддық»медресесіне,  «Мәшһүр Жүсіп» қарилар даярлау орталығына  қанша шәкірт дайындап бердің?, Зекет мәселесі, қанша жәшіктер орнатылды?, Қайырымдылық жәрмеңкесі неше рет ұйымдастырылды?,  «Мұнара» газеті, «Иман» журналына қанша адам жазылды?, Халал қасапшылар сертификатын неше адам алды?, Еріктілер тобы жасақталды ма?,  Екі Айт мерекесін қалай ұйымдастырып өткіздің?, Әйел-қыздар секторының жұмыстары бағытында қандай шаралар ұйымдастырылды?, Басылымдар мен сайттарға қанша мақала жазылды?, Неше тал егілді?, Өңірлеріңде халал сертификатын  неше кәсіпорын алды?»,- қатарлы тағы басқа көптеген нақты сұрақтар арқылы өткен жыл бойы келтіріліп отырған мәліметтерімен салыстыра отырып есебін тыңдады, атқарған қызметтеріне баға берді.

Келесі кезекте 2020 жылы жүзеге асатын ізгі іс-шаралардың жоспары талқыланып бекітілді.  Соңында  бас имам Жолдас Қоспақұлы ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай атқарылатын 30 игі іс, осы бойынша облыс мешіттерінен атқарылатын сауапты һәм салауатты шаралар бойынша  әр мешітке міндеттер жүктеп,  олардан күтер үміті мол екенін айтып, сенім білдірді.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

 

 

0 пікір