ПАВЛОДАР: «ХАЛАЛ ДАМУ» СЕМИНАРЫ ЖҮРІЛДІ
ПАВЛОДАР: «ХАЛАЛ ДАМУ» СЕМИНАРЫ ЖҮРІЛДІ
12.07.2021 17:47
787
0

Мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі - Құрбан айт мейрамы жақын қалды.  Бұл күні шариғат бойынша барша мұсылманға ортақ ғибадат - құрбандық шалынады. Құрбандық деп Құрбан айт күндерінде ғибадат ниетімен шалынатын малды айтады. Осыған орай ҚМДБ Павлодар облысы өкіллдігінің ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «Құрбан айтта сақталуы тиіс халал стандарт талаптары» тақырыбында семинар жүргізіліп, аудан, қала мешіттерінің өкілдері, қасапшылар қатысты.

ҚМДБ «Халал Даму»ЖШС-ның өкілі Серік Темірғалиев, маманы Қазыбек КакеновтерҚМДБ Халал Дамудың 1:2016 стандарттың 6-шы «Қолмен мал бауыздау үрдісі» тармағына сәйкес Ханафи мазхабы бойынша құрбан айт мерзімінде мал бауыздау барысында сақталуы тиіс стандарт талаптарын семинарға қатысушыларға кеңінен талдап түсіндірді.

Сонымен қаттар, халалдың алдымен аманат екендігін еске салған мамандар, адал асты тұтыну – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселе екенін айтты. Адалдық атауын жамылып, өз өнімін халал деп жариялап жүргендер баршылық екенін ескертті. Адал ас ішудің исламдағы, жалпы адам саулығына пайдасы хақында айтылды. Сонымен қатар,  маман Қазыбек Какенов күнделікті өмірімізде кездесетін тұтыну заттары мен азық-түлікте кездесетін тағамдық қоспалар мен күмәнді әрі харам заттардың ара жігін ажыратып көрсетті.  «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ұйымдастырылған бұл семинарда ел ішінде адал асты тұтынуды насихаттауға, кәсіпкерлер мен имамдарды халал, табиғи, экологиялық таза өнім индустриясын дамытуға ат салысуға шақырып, соңында әртүрі сұрақтарға жауап берілді.

 

0 пікір