ПАВЛОДАР: ДІН ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АТТЕСТАЦИЯ ТАПСЫРДЫ
ПАВЛОДАР: ДІН ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АТТЕСТАЦИЯ ТАПСЫРДЫ
03.10.2022 23:19
555
0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен облыстық орталық мешітінде Павлодар облысына қарасты 102 мешіттің  діни қызметкері (бас имамдар, наиб имамдар, молдалар, азаншылар, ұстаздар) аттестациядан өтіп, сынақ емтихандарын тапсырды.

Үш жылда бір рет өтетін бұл аттестасияның мақсаты – еліміздегі дін саласында қызмет етіп жүрген имамдарынымыздың діни біліктілігін арттыру, әрі осы сынақ емтиханы арқылы имамдардың өз-өздерін бағалауға, шыңдауға мүмкіндік тудыру және дін қызметкерінің білімі мен қабілетін айқындау болмақ.

 Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасынан арнайы келген комиссия төрағасы Бас мүфтидің  кеңесшісі  Кенжетай Байкемелұлы, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, мешіт істері бөлімінің бастығы  Марат Абдуллаұлы аттестациядан өтуші имамдардың білім дейгейлерін тексеріп, бағалады.

Павлодар облысының имамдары А,В,С деген үш санатқа бөлініп емтихан тапсырды. Алдымен тестілеуден Ақида, Фиқһ, Тарих және Заң бойынша 80 сұраққа жауап берді. Одан кейін ауызша емтихан, яғни Құранды жатқа оқу сынағынан тапсырды.Аттестация екі күнге жалғасты.

Мешіттің дін қызметкерлері шариғат ілімдерінен ғана емес, басқа да танымдар жайлы да қойылған сұрақтарға жауап берді.

ҚМДБ-ның өкілдері  бұл шараның маңызды екенін атап көрсетіп, кадрлардың тапшылығы бар, бірақ имамдар мен молдалар қатары жоғары білімді мамандармен де толығып келе жатқанын, имамдарға ұдайы білім берілу керектігі ҚМДБ-ның басты ұстанымы екенін тілге тиек етті.

Облысымыздағы барлық дін қызметшілері белсенді қатысып емтихан тапсырды.

Аттестация нәтижесінде облыс имамдары өздерінің дайындықпен келгендіктерін дәлелдеп, жоғары баға көрсетті. Имамдардың білімі мен біліктілігін сараптап қайтқан ҚМДБ комиссиясы бұл сынақ шарасына байланысты алдағы уақыттарда арнайы шешім шығарылатынын жеткізді.  

Соңында Сансызбай Құрбанұлы ақшам мен құптан арасында жамағатқа уағыз жүргізді.

 

0 пікір