ПАВЛОДАР: АРАФА КҮНІ ЖЕТЕКШІ АУЛЫНДА МЕШІТ АШЫЛДЫ
ПАВЛОДАР:  АРАФА КҮНІ ЖЕТЕКШІ АУЛЫНДА МЕШІТ АШЫЛДЫ
08.07.2022 21:33
740
0

Павлодар облысы Павлодар ауданының Жетекші ауылдық округінде жаңадан заман талабына сай биік мұнаралы әсем күмбезді мешіт бой көтерді. 

Мешіттің  ашылу рәсімі биылғы арафа күніне әрі қасиетті жұма күніне дөп келіп, салтанатты рәсімде алдымен Құран аяттары оқылып, дұға жасалса, облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы ауыл тұрғындарын көптен күткен мешіттің ашылуымен құттықтап, жаңа мешіттің бой көтеруіне жан-жақты қолдау көрсеткен Павлодар қаласының әкімі Асайын Қуандықұлына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти хазіреттің Алғыс хатын табыс етті.

 Сондай-ақ ауылдың ақсақал қариялары, еңбек ардагерлері ризашылығын білдіріп, жиналған жұртшылыққа құттықтау сөздерін айтты. 

Мешітті ауылдағы шағын кәсіпкерлердің көмегімен тұрғындар бірлесіп тұрғызған. Мешіт 220дан астам адамға арналған, күмбезі бар, имам бөлмесі, әйелдер намаз  оқитын орны бар. Сонымен қатар  басқа да мүмкіндіктер толығымен қарастырылып жабдықталған және  алдағы уақыттарда  діни рәсімдер жүргізіліп, ас беруге арналған асхананың да іргетасын қалау мәселесі де назарға алынды.

Мешіт имамы болып ҚМДБ-ы төрағас, Бас мүфти хазіреттің бұйрығы бойынша осы өңірдің тумасы Надырбаев Қобыланды тағайындалған.

Ашылу рәсіміне қатысқан ауыл халқы имамдардың уағызына қанық болып, мешітте шақырылған алғашқы азан дауысымен екінті намазын оқып тарқады.

 

 

0 пікір