Павлодар: Әлеуметтік желінің көмегімен қайырымдылық жасалды
Павлодар: Әлеуметтік желінің көмегімен  қайырымдылық жасалды
07.02.2019 14:53
745
0

ҚМДБ-ның Павлодар облысы  өкілдігіне қарасты қала, аудан, ауыл имамдары мешіт жамағаты  және дін жанашырларына Ватсап әлеуметтік желісі арқылы тұрақты байланыс орнатқан.  Осы тәсіл бойынша өткен  2017 -2018 жылдары «Сұрағым бар!» атты әлеуметтік группа ашып қасиетті дінімізге қатысты сан жүздеген сұрақтарға жауап берген еді. Бүгінде «Уағыз-насихат.пвл», «Насихат-Ватсап.пвл», «Ханафи мәзһабы» және «Аһли сунна» атты группалар арқылы жамағат тарапынан қойылатын сауалдар мен сұрақтар, өтініштер мен шағымдарға жауап беріп келеді. Сонымен қатар ҚМДБ-ға қарасты діни-танымдық сайттарда жарияланған ағартушылық бағыттағы мақалалар, уағыз-насихаттар, атқарылып жатқан ізгі іс-шаралар туралы халыққа жеткізуде бұл желілердің  үлесі өлшеусіз.

 Соның бір айғағы ретінде жуырда жамағаттың бірінен желі арқылы келген мәлімет бойынша Павлодар қаласы Катаев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде 5 қызын асырап отырған жалғызбасты ананың жағдайымен танысып, ол отбасына қаржылай  және азық-түлікпен көмек берілді. Аталмыш отбасының жағдайы  алдағы уақыттарда да мешіт пен жамағаттың тұрақты назарында болады.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір