ПАВЛОДАР: ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АБАЙ
ПАВЛОДАР: ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АБАЙ
13.02.2020 16:09
378
0

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы құрметіне «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «Әлем таныған Абай» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы, С.Торайғыров  университетінің профессоры Серік Елікбай, Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің оқытушысы ғалым Әділбек Әміренов, жыршы –термеші Даниял Әсенов  және қала мешітінің имамдары, «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің шәкірттері, мешіт жамағаты болушы  аталар мен апалар қатысты.

Имамдар мен ғалымдар Абайдың өмірі мен шығармашылығы, философиялық терең ойлары мен ғақлиялары мәнінен тереңнен қозғап жастардың танымын кеңейтетін келелі ойларын ортаға салса,  жыршы Даниял  Әсенов Абайдың бірнеше қарасөздерін тебірене  оқыды. Ал медресе шәкірттері мен мектеп оқушылары  Абай өлеңдерін  мәнерлеп оқыды

Шараға қатысушыларға «Мәшһүр Жүсіп» мешіті «Абай әлемі» тақырыбында кітап көрмесін тамашалатты.  

Отырыс  алқалы батамен байыды.

 

 

 «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір