ПАВЛОДАР: «ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕСІ КОЛЛЕДЖ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
ПАВЛОДАР: «ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕСІ  КОЛЛЕДЖ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
12.10.2020 09:20
115
0

 Павлодар өңіріндегі «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі 2008 жылдан бері білімі де біліктілігі де танылған көптеген жас исламтанушы, имам хатиб мамандарын даярлады, ал ол жастар еліміздің түкпір-түкпірінде халқына жан аямай қызмет етіп, асыл дініміз - Исламның құндылықтарын насихаттауда. Міне сол білім ордасы  мемлекеттік жаңа лицензияға ие болды. Барлық талаптарға сай болған жатақхана, оқу корпусы, спортзалы, кітапханасы, лекциялық аудиториялар,  интернет желісіне қосылған компьютер залы, асханасы, жылы маусымға арналған футбол және спорт ойындары алаңымен толық жабдықталған «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі жуырда колледж-медресе атауын алды. Сонымен қатар бұл колледж-медресенің ауласында күнделікті іс-қызметке дағдыланатын (азан шақыру, намаз жүргізу, уағыз айту, Құран оқып беру т.с.с) «Қасым қажы» атындағы зәулім мешіт бірге орналасқан.

Аталмыш колледж-медресеге жалпы орта білімі бар ер балалар қабылданады. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Студенттер тамақ және жатақханамен қамтамасыз етілген.

 Медреседе жоғары білімді исламтанушы, дінтанушы мамандар дәріс береді. Олардың ішінде араб елінен шақырылған арнайы ұcтаз да бар. Яғни,білімді де білікті және салауатты маман болып қалыптасуына барлық жағдайлар жасалған.

 Колледж атанған оқу ордасы биылғы 2020-2021 жылға жаңадан Қарағанды, Семей, Шығыс Қазақстан, Павлодар олыстарынан ең таңдаулы  18 талапкерді қабылдап, оқу үдерісін табысты жалғастыруда. Колледж-медресе деген арнаулы лицензияға қол жеткізген аталмыш оқу ордасы алдағы уақытта гранттар иеленіп, медресе колледж студенттеріне шәкіртақы тағайындау жолдарын да қарастыруда.

Біз "Әбу Бәкір Сыддық медресе" колледж ұжымына "Құтты болсын!" айта отырып, еңбектеріне жеміс тілейміз!

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір