ПАВЛОДАР: 438-ШІ БАСПАНА БЕРІЛДІ
ПАВЛОДАР: 438-ШІ БАСПАНА БЕРІЛДІ
19.07.2021 12:41
870
0

ҚМДБ, «Зекет» қорының  «Ел үлесі-пәтерге!» акциясы бойынша  438 баспана  Павлодар облысына қарасты  Ақсу  ауданына қарасыи Мәмайт Омаров аулында берілді.  

 Бұл баспана көп балалы, көмекке мұқтаж болған отбасына бұйырды.

Облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы өз сөзінде: « Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныңы бастамасымен республика аумағында «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық шарасы аясында осы мұқтаж отбасының баспаналы болуына себепші бола алдық. Аталмыш – жоба мешіт имамдарының халыққа, жамағатқа түсіндіре жеткізе білген насихаттарының нәтижесінде іске асуда»,-дей келе жиналған қауымға қайырымдылық,  мейірімділік жайлы тұшымды уағызын айтып, баспана кілтін табыстады.

Бұл жолғы сауапты шара Ақсу қаласының бас имамы Әбдімүтәліп Омаровтың ұйымдастыруымен кәсіпкер азаматтың қолдауымен жүзеге асыпты.

Сондай-ақ, жаңа қоныс иелеріне  Ақсу қалалық ешіті  кілем тарту етіп, баспана құжаттарын толық рәсімдеп берген. Аталмыш баспана ауылдық жжерде болса да, іші-сырты толық жөндеуден өткен,  таза су құбыры тартылған, жуынатын, дәрет алатын бөлмелері заманауи құрылғылармен толық жабдықталған.

 

 

0 пікір