ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ СЫНАЛҒАН КЕЗІ
ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ СЫНАЛҒАН КЕЗІ
29.05.2020 12:02
539
0

Баршаға белгілі біз қазақ Рамазан айы кіргенде сауапқа ұмтылатын халықпыз, биылғы Рамазанда карантинге қатысты мешіттер жабық болып жамағат намазы, діни сабақтар жүргізілмеседе мұсылмандар ілімнен үзіліп қалмады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйытқылығымен еліміздің барлық өңірлерінде күнделікті Онлайн сабақтар жолға қойылды. Атап айтқанда Павлодар облысы орталық Мәшһүр Жүсіп мешітінде қарасты «Mazhab.kz» Ютуб каналында тұрақты түрде сабақтар тікелей эфир арқылы жүріп жатыр және «Mazhab.kz» діни ағарту порталында дінмен дәстүрге қатысты күніне оннан астам мақалалар жарияланып келеді.

Бұл ғасыр интернет ғасыры болғандықтан, көптеген жастар желі арқылы сауаттарын көтергісі келетіні белгілі, осы талаптарды қанағаттандыру үшін орталық мешітте «Пәтуа бөлімі» ашылған, осы бөлімге тиесілі ватсап группалары «Әһлі сунна сұрақ-жауап», «Сұрақ-жауап Ақ Мешіт, Пвл» және «Пәтуа.кз_pvl» телеграм группасы мұсылмандардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруде.

2020 Рамазан айында Павлодар «Пәтуа бөліміне» желі арқылы 810 діни сұрақ қойылды, оның 800 не жауап беріліп қалған онына Нұр-Сұлтандағы Муфтияттың Колл центіріне: 333030 сілтеме жасалынды, ал қоңырау арқылы 173 сұрақ келді, оның 170 не жауап берілді, сосын жеке кездесу арқылы 133 сұрақ сұралды, оның 130 на жауап берілді.

Қорытынды Павлодар «Пәтуа бөліміне» 1116 сұрақ келіп 1100 не жауап берілді.

 Бұл цифрлардан байқайтынымыз халықтың дінге деген құштарлығы артып келеді, осыған сай дін қызметкерлері өз жауапкершіліктерін арттырып жатыр. Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық беріп, егемендігімізді мәңгілік етсін! Әмин!

 

ҚМДБ Павлодар пәтуа бөлімі

0 пікір