Өзбекстан ғалымдары ысырапшылдыққа қарсы пәтуа шығарды
Өзбекстан ғалымдары ысырапшылдыққа қарсы пәтуа шығарды
10.08.2015 09:32
1959
0

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы дін қызметкерлерін діни рәсімдерді өткізуде үлкен сомадағы қаражат шығындатып, ысырапшылыққа жол бермеуге шақырды. Діни басқарма бұл әрекеттер ислам қағидаларына қайшы келеді деп таныды.

Өзбекстан мұсылмандарына ұсынылған пәтуа мәтіні төмендегідей:

– Қаза болған үйде өткізілетін «пайшанбалик» және «якшанбалик» шаралары ешқандай діни кітаптарда нұсқалмаған.

– Өмірден өткен адамның денесі мүмкіндігінше жер қойнына жылдамырақ тапсырылуы тиіс. Марқұмның туған-туыстарының қабірге келуіне әр уақытта мүмкіндік табылады.

– Қаза көріп отырған үй бір ғана «эхсон» шарасын өткізуі жеткілікті. Бұл отбасының экономикалық тұрмыс-ахуалына да ауырлық салмайды және белгілі бір күндерді атап, қайта өткізудің қажеті жоқ. Бұл шара қасиетті Құран аяттары оқылып, дін өкілдерінің қатысуымен шариғат шартына сай өткізілуі керек.

– Қабірлерге құрмет жекелеген молаларды қоршау арқылы емес, жалпы зират аумағын қоршаумен сақталады.

– Сондай-ақ үйленудегі, бала туу кезіндегі рәсімдер шариғат талаптарына сай, ысырапқа жол берілмей, үнеммен өткізілуі тиіс.

– Рамазан және Құрбан айты жалпы халықтық мереке болып табылады. Айтулы күндерді өз талаптарына сәйкес өткізу керек.  Дүниеден өткендерді еске алып, оларға дұға жасау, құран оқыту рәсімдері айт мерекесіне әсерін тигізбеуі тиіс.

– Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы барлық имам-хатыбтарды, ақсақалдар мен дін өкілдерін үйлену тойлары мен рәсімдерін өткізуге қатысуда әр отбасының материалдық жағдайын ескере отырып, үнемдеп өткізуге, ысырапқа жол бермеуге шақырады.

– Барлық діни және ұлттық рәсімдер мен салт-жоралғылар артық шығынсыз, астамшылықсыз өткізілсін. 

 
 
0 пікір