«Отбасы тыныштығы-Отан тыныштығы»
«Отбасы тыныштығы-Отан тыныштығы»
03.10.2018 14:53
1697
0

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің «Ислам және отбасы» жылына орай жасалған арнайы бағдарламасы бойынша облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Әйел-қыздар секторының» меңгеушісі Қарлығаш Қажымәлікқызы  Ақтоғай ауданынында болып, аудандық  «Жандарбек» мешітіне жиналған әйел-қыздар қауымына «Отбасы тыныштығы-Отан тынышты» тақырыбында  әңгіме өрбітті.

Кездесуге  аудан орталығындағы мемлекеттік орындар және басқа да ұйым мекемелер, қоғамдық ұйымдардан 50 шақты әйелдер қатысты.

Ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы отбасы құндылығы туралы айта келіп өз сөзін: « Отбасы бақыты – мейірімділік пен қайырымдылыққа негізделген. Адам баласының өмірін тулап-толқып, буырқанып жатқан теңізге теңесек, сол бір асау бұйра жал толқындардың ығырынан шаршаған пенде бір сәт, жайлы ыстық құм төселген жып-жылы жағажайға барып дем алғысы келеді ғой. Ендеше, отбасы дегеніміз – сол бір ыстық жағажай. Адам арпаласып жатқан тірліктен шаршағанда барып жан тыныштығын табатын орын – өз отбасы. Ал отбасы берекесі мен тыныштығы-Отанымыздың берекесі мен тыныштығының негізі болмақ...»,-деп түйіндеді.

Кездеуге қатысушылар ұстаздан әртүрлі сұрақтар қойып, еркін әңгімелесті. Кездесу тартымды өтті.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір