Орталық мешіттегі сенбілік (ФОТО)
Орталық мешіттегі сенбілік (ФОТО)
13.04.2019 11:22
293
0

Көктем мезгілі келгенде әдеттегідей айналаның тазалығы, арық көздерін ашу, ағаш отырғызу, ағаштарды бұтап, түбін әктеу үрдіске айналған. Осындай игі шара 13 сәуір сенбі күні Павлодар облыстық орталық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінде ұйымдастырылды. Тазалық жұмысына нәиб имамдар, әйел-қыздар секторы жамағаты, мешіт қызметкерлері, медресе шәкірттері, сондай-ақ, әртүрлі жастағы мешіт жамағаттары бір үйдің балаларындай атсалысып, мешіт ауласын тап-тұйнақтай етіп жинастырды.

Мешіт тазалығына қатысушылардың жұмысын жеңілдету үшін арнайы техникалар да жұмылдырылды. Бұл шараға барлығы 40 тан аса адам қатысты.

Алла бәріміздің ниеттеріміз бен амалдарымызға сансыз сауаптан жазсын!

"Мәшһүр Жүсіп" мешіті баспасөз қызметі

0 пікір