Орталық мешітте қасапшыларға арналған семинар өтті
Орталық мешітте қасапшыларға арналған семинар өтті
30.09.2019 17:40
220
0

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде «Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс» атты семинар өтті. Мұндай шара осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Семинарда «Халал даму» ЖШС-нің Павлодар облысындағы өкілі Қазыбек Какенов және халал стандартына жауапты маман Серік Темірғалиев өңір мешіттерінен арнайы жіберілген қасапшыларға сабақ үйретті.

Шара басында қасапшылықтың жауапты іс екенін түсіндіріліп, насихат, уағыз айтылды. Қазыбек Какенов малды шариғатқа сай сойылу тәртібін  түсіндіріп берді. Қасапшылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.   

Серік Темірғалиевтің айтуынша, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде мұндай семинарлар осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейінгі шараларда да қасапшыларға малды адал союдың тәртібі түсіндіріліп, оларға сертификат табысталған болатын.

Мұндай семинарлар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде. Осы уақытқа дейін 60-тан астам қасапшы арнайы сертификатқа ие болды.

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір