Орталық мешіт мұқтаж жандарға азық-түлік пен киім-кешек таратты
Орталық мешіт мұқтаж жандарға азық-түлік пен киім-кешек таратты
03.10.2019 17:28
539
0

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті көмекке мұқтаж 50 тұрғынға азық-түлік пен киім-кешек таратты.

Мешіттің қайырымдылық бағытындағы жұмыстарына жауапты Сайран Әбелдиновтың айтуынша, Алла үйіне көмек сұрай келетін мұқтаждардың қарасы қалың.

«Біз оларды мешіт тарапынан көмек көрсетілетін мұқтаж жандардың тізіміне енгіземіз. Осылайша, ай сайын ауқымды қайырымдылық шарасын ұйымдастырамыз. Бұл жолы 50 адамға көмек көрсеттік. Олардың бәрі әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі жандар. Қайырымдылық шарасына атсалысқан азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз», – дейді Сайран Әбелдинов.

Бұл ретте, игі іске «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Зекет» қайырымдылық қоры мен DeFacto сауда үйі ерекше үлес қосқанын атап өтуге тиіспіз. Дәлірек айтсақ, мұқтаждарға үлестірілген азық-түлік қайырымдылық қорына жиналған қаржыға сатып алынса, киім-кешектерді DeFacto сауда үйі тегін ұсынды.

Қайырымдылық шарасына қатысқан Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы жиналғандарға насихат айтып, жақсылық тіледі.

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір