Орныққан Ұлттық рух ғана жаңғырады (ФОТО)
Орныққан Ұлттық рух ғана жаңғырады (ФОТО)
12.09.2017 13:36
408
0

Елбасы «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласында біз заманауилықпен қатар ұлттық құндылықтарды қатар дамытамыз деген еді. Өткен күнге тағзым ете отырып, болашаққа көз жүгірткен ұрпақты жолы қашан да оң болары хақ.

Қыркүйек айы басынан облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Сакралды жерлерге саяхат» атты кең көлемді акциясы басталды.

Акция белсене қатысқан өңіріміздегі мешіт ұжымдары, имам-молдалармен  қатар  дәстүрлі дінімізді қолдау үшін  құрылған «Әбу Ханифа» қоры  облыстық ардагерлер ұйымы, «Ауыл» партиясының облыстық филиалы бірлесіп нақты шаралар атқаруда.

 «Біздің мақсат облысымыздағы  сакралды жерлерімен жастарды таныстыру, оның қасиеті мен киелілігі,  өңір тарихы мен руханиятында алатын орны туралы насихаттап, болашақта  бұл орындарды ішкі туризм нысандары ретінде насихаттау ісіне үлес қосу болмақ»,-дейді облыстық «Әбу ханифа» қорының атқарушы директоры Кеңесбаев Кенже Садуақасұлы.

Облысымызға танымал  Тито Сыздық  Уахапұлы, Түгелбаев Әбілхақ, Байболатов Сапарғали, Әбдіхалықов  Идаят,  Мұқантаев Амантай, Бекен Сағындықұлы, Абылай Укешевич, Байғұрманов Ермат ағаларымыз  бастаған ардагерлер мен құрметті азаматтардан құралған топ жуырда Баянауылдағы Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Ертіс ауданындағы Таймас әулие кесенесі, Ақкөл-Жайылмадағы Мұрат ишан, Исабек ишан, Жандарбек қожаның әулеттік кесенісінде және Май ауданы жеріндегі Ақбалы хазірет, Хайса ата  кесенесінде болып зиярат жасады. Сонымен қатар  Май ауданы Ақшиман аулы өңіріндегі Қалмаққырған тауында болды. Бұл шарларға Екібастұз, Ақтоғай, Ертіс, Баянауыл  аудандары басшыларымен қоса жауапты қызметшілері, осы аудандар  мешітінің  имамдары, тарихшы, әдебиетші ғалымдар, баспасөз өкілдері, жастар өкілі көптеп қатысты. Олар жиналған халыққа, мектеп оқушыларына отанды сүю, тарихты қастерлеу тақырыптарында ғибратты әңгімелер мен насихаттар айтты.

«Біз алдымен экономиканы дамытамыз, содан кейін басқа салаларды қолға аламыз деп келдік. Әлбетте, кеңес империясының орнына оның құндылықтарының негізінде жаңа мемлекет құру деген ешқашан болмайды ғой. Сондықтан, тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалайтын жаңа құндылықтар яғни Қазақ халқының ұлттық дүниетанымы, тілі, ділі, дәстүрі, моралі, философиясы, өнері, білім мен ғылымы яғни мәдениеті (өркениеті) негізінде ғана дамығанда ол мәңгі мемлекетке айналады.  Рухани жаңғырудың міндеті, - ол мемлекеттің іргетасын қалайтын ұлттың құндылықтарын жүйелеп, оларды қоғам дамуының механизмдері немесе идеологиясы етіп ендіру болмақ. Мәңгі елдің негізгі ұстанымдары, «бір тіл, бір дін, бір мораль, бір мемлекет» екені белгілі.

Жоғарыдағы ұлы бабаларымыздың рухтары мәңгі болғандықтан, оларға уақыттың әмірі жүрмейді.. Ал, біздің мақсатымыз төл тарихымызды терең, әрі жан-жақты зерттеп, түгендеу. Тарихты түгендеу-ол болашағымыздың мәңгі болуын қамтамасыз ету»,-дейді ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Исенов.

 Әлемде тарихын мақтан тұтатын бес халық болса, соның бірі Қазақ. Ұлтымыздың тарихы – ол бүгінгі Қазақ елінің Анасы, болашағының Атасы деп түсінгенде ғана өткенінен сабақ алып, бүгінгі бәсекелес қоғам және болашаққа сеніммен қарайтын боламыз. Орныққан Ұлттық рух ғана жаңғырады. Ал қазақ, алты мың жылдық тарихы айқындалған халық.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір