ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚАЛА КӨШЕСІНДЕ
ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ  ҚАЛА КӨШЕСІНДЕ
13.05.2021 11:56
1080
0

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында, яғни  12 мамыр мен 14 мамыр аралығында Павлодар қаласының ең көрікті көшелері, адамдар ең көп жүретін жерлері болып саналатын Естай-Назарбаев,  Сатпаев-Кривенко, Лермонтов-Назарбаев,  Сәтпаев-Торайғыров көшелерінің қиылыстары және   Әуежай ғимараты, Теміржол вокзалы қатарлы қаланың алты жерінде  «Рамазан құтты болсын!» деген жазуы бар «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің  жарық диодты дисплейі эфирде болды. Бұл эфирлерде аталмыш жарнама барлық  экрандарда шамамен әр 5 минут сайын жарқырап, алмасып халықтың назарын өзіне аударып, қасиетті Рамазан айы екенін ескертіп тұрды.

 Сонымен қатар Ораза Айт күндері  айт мерекесінің құттықтау видеосы да аталмыш орындарда эфир арқылы таратылып тұр.

 

 

 

 

0 пікір