Оқушылармен кездесті
Оқушылармен кездесті
01.11.2018 09:50
497
0

Ақсу қалалық мешітінің Имамы Әбдәмүтәліб Омаров  Ақсу ауданына қарасты Қалқаман ауылындағы мектеп оқушылармен кездесті.Кездесуге жоғары сыныптың ұл-қыздары және ұстаздар қатысты.

Имам Әбдімүтәліб Омаров  діннің қоғамда алатын орны жайында баяндай келе, дініміздің құндылықтарына кеңінен тоқталды. Халқымыздың дін мен дәстүрді қалай ұйыстырып, өз өмірлерінде шамшырақ етіп ұстанғандығы жайында айтып өтті. Дәстүрге қатысты көптеген мысалдарды аят пен хадис аясында түсіндіріп өтті. Жас ұрпақтың санасына имандылықты ұялату болашақты кепілдікке алумен пара-пар екені белгілі. Сондықтан кездесуге қатысқан оқышыларға тәлімді уағыз айтып, иманды болуды, ата-ананы қадірлеуді, жаман әдетерден аулақ болуды, елдің патриоты болуды және дін атын жамылған теріс ағымдардан аулақ болуды баса назарда түсіндіріп өтті.

 

Ақсу қалалық мешіті

0 пікір