ОНЛАЙН ЖИЫНДА РАМАЗАН АЙЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
ОНЛАЙН ЖИЫНДА РАМАЗАН АЙЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
02.04.2021 11:20
111
0

Қасиеттті жұма күні таңертең  облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы аудан имамдарымен онлайн байланысқа шықты. Байланысқа  «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің имамдары мен қызметшілері және барлық  аудан имамдары толық қатысты.

 Онлайн режимде өткен жиында Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінен қаралған 8 түрлі мәселе бойынша шыққан шешімдерді таныстырды. Мұнда: Қасиетті Рамазан айы биыл  13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Рамазан айы 30 күн болады. 13 мамыр – Ораза айт күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні екендігін жеткізді.

Сонымен қатар ҚМДБ кеңейтілген Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының, зекет пен підияның мөлшері анықталғанын, биыл пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленін айтты. 

Соңында аудан имамдарының ұсыныс-тілектерін тыңдап, оларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

0 пікір