ОНЛАЙ ҚҰРБАН АМАНАТЫ ҰҚЫПТЫ ОРЫНДАЛУДА
ОНЛАЙ ҚҰРБАН АМАНАТЫ ҰҚЫПТЫ ОРЫНДАЛУДА
31.07.2020 18:15
221
0

Құрбан Айт мерекесінің бірінші күні, яғни  31 шілде күні Павлодар қаласы бойынша Құрбан айт мерекесінің арнайы рәсімдер өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде жүзеге асырылуда.

Жалпы облыс бойынша «Qurban2020.kz» сайты арқылы құрбандық шалуға 170-ке жуық тапсырыс беріліп, оның 120-сы мал құнын онлайн төлеген  болатын. Ал мұқтаж болған 355 отбасы ет алуға өтініш берген еді. Өтініш түсіру  әлі де жалғасуда.

Сол тапсырыстарды орындау үшін  мешіт  қызметшілері қала шетіндегі «Құлагер» атшабарында  құрбандық шалу аманатын аса ұқыптылықпен орындады, әлбетте құрбан шалу ертең де жалғасады.

Өтініштер бойынша  құрбандық еттерін мұқтаж отбасыларға  мекенжайы  бойынша жеткізіп беру ісі де  айттың алғашқы күнінен бастап тікелей іске  асырылып, оларға  жеткізіліп берілуде. Мәселен, айттың алғашқы күні 122 қой, 1 қара  мал құрбан шалынып, әрқайсысына 5-6 кг ет салынған 200 пакеттің 185-і мұқтаж отбасыларға жеткізілді.

 

 

0 пікір