«Өнер қырандары» театры Ұмра қажылығын өтеді (ФОТО)
«Өнер қырандары» театры Ұмра қажылығын өтеді (ФОТО)
19.05.2015 09:09
3059
0
www.muftyat.kz

Жуырда елімізге «Өнер қырандары» деген атпен танымал сахна өнерпаздары қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына барып, Ұмра қажылығын өтеді. Қасиетті Қағбаны тауап етіп, Харам мешітінде құлшылықтарын орындаған олар Әз Пайғамбардың табаны тиген киелі жерлерде еліміздің амандығы, халқымыздың бірлігі үшін Жаратқаннан дұға тіледі.
Дінге, имандылыққа бет бұрып жүрген театр саңлақтары осы киелі сапардан үлкен әсер алғандарын жасырмады. Сондай-ақ олармен бірге «Сұңқар» тобының әншілері де ұлы сапарды өтеп қайтты.
Айта кетейік, Өнер қырандары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс-шараларына өз өнерлерімен үнемі қолдау көрсетіп келеді. Жігіттерді шын жүректен құттықтап, өтеген құлшылықтарының қабыл болуын Жаратқан Алладан тілейміз.
Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): 
«Умра (алдыңғы) умра екеуінің арасындағы (күәлардың) өтемі, ал қабыл болған қажылықтың сыйы – тек қана жәннат», — деген. (Бұхари, Муслим).

 

Бүгінгі жаңалықтар:

 Селфи тағы бір адамның түбіне жетті

Samsung Galaxy Note 5 шілде айында таныстырылады

 «Өнер қырандары» театры Ұмра қажылығын өтеді (ФОТО)

 Шығысқазақстандық өнертапқыштар тұрмысқа қажетті тың техникалар ойлап табуда

 Ғалымдар баланың ойлау қабілетін жетілдіретін тағамдар тізімін жасады

 Болашақта мектеп түлектері ҰБТ-ны бірнеше мәрте тапсыруы мүмкін - ҚР БҒМ

0 пікір