Омар әл-фаруқ мешітінде «Сауабы сансыз садақа» акциясы
Омар әл-фаруқ мешітінде «Сауабы сансыз садақа» акциясы
11.03.2019 12:05
1126
0

Наурыз айының 8 жұлдызындажұма күні қасиетті үш айдың басталуына орай«Омар әл-Фаруқ» мешітінің ауласында"әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты бірлесіп «Қайырымдылық жәрмеңкесін» ұйымдастырды. Жәрмеңке мақсаты әйел-қыздардың өз қолымен жасаған әртүрлі тәтті тағамдарын жәнебұйымдарын жұма намазына келген жамағатқа  сатып,  түскен қаражатпен мұқтаж отбасыларға жәрдем ету.

Сонымен қатарәйел-қыздар секторының  ұстазы мешіт туралы буклетті алғаш рет жасап, қайырымдылық жәрмеңкесіне келген жамағатқа берді. Мақсатымыз алдағы уақытта халыққа тарату. Алла Тағаланың үйіне жинап, ислам дінін насихаттау, оқытып-үйрету, рухани әлеуетінің жоғарылауына және адамгершілік мінез-құлықты, отансүйгіштік сезім тәрбиелеу, жүректеріне иман ұялату.

Буклетте мешіттің мақсаттары, міндеттері, ҚМДБбекіткен 4 бағыт бойынша жұмыс атқару, әйел адамдарды, қыз балаларды мешітке діни сауат ашу сабақтарына, уағыз-насихат шараларына шақыру, бірігіп қайырымдылық жасау, жат ағымынан сақтау және Ханафи мазһабының ұстамдарын түсіндіру болып табылады.

 

 

Қалалық «Омар әл-Фаруқ» мешіті

0 пікір