Ол мақсатына жетеді
Ол мақсатына жетеді
16.05.2019 11:01
462
0

Жастайынан жетім өскен Кенжебеков Серік соңғы жылдары жетімдердің мәселесін көптеген теларналарда көтеріп бірден-бір жанашырлық танытуды қолға алып жүрген, ерікті блогер. Ол жігерін жасытпай, өз алдына қойған мақсатына жету жолында қадам жасап, сапарларын  жалғастырып жүрген  жас жеткіншек.

Серік жылдық  демалысында  Қазақстан республикасының барлық өңірлерінде болуды мақсат етіп, саяхатын бастап кеткен екен. Мәрені Алматыдан бастаған Серік  елорда Нұр-Сұлтан, - Қарағанды деген бағытпен жүріп, кеше Павлодарға ат басын тіреді. Алдағы бағыты Семей қаласы.  Ол Павлодарда  3 күн аялдап сапарын жалғастырады.

Серіктің жігерлі де сауапты ісіне разы болған «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің жамағаты оны қошаметпен қарсы алды, мешіт ұстазы Ақжол ИСАБЕКҰЛЫ  жамағатпен бірлесіп  жол пұлына және жол азығына көмек  көрсетті.

  Сапаршыға сәт сапар тілеп, өміріне, алға қойған мақсатына сәттілік пен береке, жақсылық сұрап дұға жасады.

 

 

0 пікір