Өкіл имам ұстаздармен кездесті
Өкіл имам ұстаздармен кездесті
17.02.2016 18:22
1344
0

 Жуықта №7 ЖОБМ-да Қалалық білім бөлімінің тәрбие жұмыстары секторының ұйымдастыруымен Павлодар қаласындағы  лицей, гимназиялар мен орта мектептердің тәрбие ісінің меңгерушілері қатысқан «Оқушыларға құқықтық тәрбие беруді жетілдіру», «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Жиынды қалалық білім бөлімінің тәрбие жұмыстары секторының меңгерушісі  Ілиясова Құралай Қамматқызы жүргізді. Осы семинардың бір бөлімі «Дін және құқық бұзушылық» тақырыбына арналып, қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандарының шақыруымен ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бас имамы Исенов Нариман  ұстаздар қауымына қысқаша дәріс оқып, сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, жат ағым жетегінде жүрген ата-аналардың мектеп жасындағы балаларымен діни тұрғыда қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде кеңес берді. Мұғалімдер тарапынан,  әсіресе, оқушы қыздардың киім үлгісі туралы, олардың ата-аналарымен ұжым арасындағы кейбір түсінбеушіліктер тұрғысындағы сауалдарына дәлелді жауап айтылды.   

 

0 пікір