Өкіл имам студенттермен кездесті
Өкіл имам студенттермен кездесті
17.05.2019 14:41
351
0

16 мамыр  күні өкіл имам Жолдас Қоспақұлы «2019-Жастар жылы»  аясында Павлодар түсті металлургия колледж студенттерімен кездесу өткізді. Басты тақырып жастар тәрбиесі,  суицид және жат ағымдарға қарсы тұру. Осы тақырыптар аясында жастар мен студенттерге кең көлемде уағыз айтқан өкіл имам өз уағызында бүгінде бүкіл әлемде діни ахуалдың өзекті екенін, адамдардың өзіне, өз сеніміне деген қырағылықты күшейту заман талабына айналғанын айтып, салафизм жайлы, олардың  салт-дәстүрден жирену, ата-анадан бас тартудан басталатын жат жолдың негізгі белгілері туралы, сонымен қатар жан –Алланың аманаты екендігі, өзіне-өзі қол салудың үлкен күнә болатынын  егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.Студенттер де көптеген сұрақтар қойып, жауап алды.

 

 

0 пікір