Өкіл имам қалалық мешіттерде (ФОТО)
Өкіл имам қалалық мешіттерде (ФОТО)
09.04.2018 10:23
220
0

 Облыс өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы жұма күні ақшам-құптан намазы арасында қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұрлан Евфратұлының ұйымдастыруымен  «Ақмешіт» мешітінің жамағатымен кездесті. Кездесуге мешіт жамағаты белсене қатысты. Кездесуде өкіл имам Пайғамбарымыз (с.ғ.с)-дың өнегелі ғұмыры, Миғраж түнінің хикметі туралы кең көлемде уағыздар айта келе, жамағат тарапынан берілген әртүрлі сұрақтарға да жауап берді.

Ал сембі күні өкіл имам Жолдас Қоспақұлы  қалалық «Бижан» мешітінің жамағатымен кездестіп қасиетті үш ай, Рамазан айына қалай дайындалу қажеттігі туралы, сонымен қатар жастар-жасөспірімдерді жат діни ағым жетегінен сақтандыру бағытында уағыз-насихаттар айтып, жамағаттың қызығушылығын танытқан әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, олармен еркін пікір өрбітті.

«Мәшһүр Жүсіп» мегшітінің баспасөз қызметі

 

 

0 пікір