Өкіл имам облыс, қала басшыларымен кездесті (ФОТО)
Өкіл имам облыс, қала басшыларымен кездесті (ФОТО)
20.03.2018 13:52
1431
0

Бүгін ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы Павлодар облысы әкімінің орынбасары  Бегентаев Мейрам Мұхаметрақымұлымен және  Павлодар қаласының әкімі Әшімбетов Нұржан Кемерұлымен кездесті.

 Облыс және қала басшылары өкіл имам Жолдас Қоспақұлын жаңа қызметімен құттықтап, алдағы уақыттарда бірлесіп  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бастамасына орай ҚМДБ-ы тарапынан атқарылып жатқан іс –шараларды өңірімізде жүзеге асыру, өңіріміздегі мұсылман қауымының жауапкершілігі мен өзге ұлттар арасындағы өзара түсінігін қалыптастыру бағытында  көптеген жұмыстар атқаратынына сенім білдірді.

 Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Мұхаметрақымұлы өз сөзінде: «Құрметті Жолдас Қоспақұлы,  сіз өзіңізге берілген бұл мәртебелі міндет арқылы  облысымыз бен қала өмірінде имандылық бағытындағы көптеген рухани-тәлімді өзгерістердің бастамашысы болады деп сенеміз»,- деді.

Кездесуде Павлодар облысы Дін істері басқармасының басшысы Запкарьянов Дәулет бірге болды.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

 

0 пікір