Өкіл имам: Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың заманында медицина және жедел жәрдем қызмет етті
Өкіл имам: Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың заманында  медицина және жедел жәрдем қызмет етті
29.10.2018 11:31
1193
0

Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы қалалық «Ирбис» телеарнасы арқылы «Ислам және медицина» тақырыбын кең көлемде әңгімеледі. Өкіл имам өз әңгімесінде: «Ислам дінінің негіздеріне үңілсек, мұсылмандар үшін денсаулықты сақтау Алла алдындағы зор аманат екенін көреміз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистерінде денсаулық жайында: «Бес нәрсе келмей тұрғанда бес нәрсенің қадірін біліңдер: өлмей тұрып өмірдің қадірін, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін, өмірде ахиреттің жағдайын жасаудың қадірін, қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін, кедей болмай тұрып байлықтың қадірін , -деген.

Басқа бір хадисте: «Әр сырқаттың емі бар және де егер дәрі сырқаттың шипасын берсе, ол Алланың қалауымен болғанды»,-дейді.

Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың заманында медицина және жедел жәрдем қызмет етті. Құран аяттарынан және хадистерден бұл салаға байланысты зерттеулерді Мұсылман ғалымдары тапты. Оған Имам Науауи жазған «Пайғамбар медицинасы» кітабы, Имам Ибн аль-Қайым «Зад аль-Мағад» кітабында келтірген тараулар дәлел.

Үлкен соғыстарда Рафида бинт Сағд, Шифа бинт Абдулла, Умму Ғатия аль-Ансария секілді ержүрек әйелдер жараланған сахабаларды емдеді»,-деп исламдағы денсаулыққа байланысты ұстанымдар мен жетістіктер, ғылымдағы ислам әлемінің орны туралы кеңінен толғады.

 

 Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

 

0 пікір