ӨКІЛ ИМАМ МЕДІРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
ӨКІЛ ИМАМ МЕДІРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
06.09.2019 10:13
379
0

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы Әбу-Бәкір Сыддық медіресесінің шәкірттерімен кездесті.

Жолдас қажы Қоспақұлы медіресе шәкірттеріне жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, оқу-білім тақырыбында уағыз айтты. Сонымен қатар, кездесу барысында медіресеге қатысты ағымдағы мәселелер пысықталды.

Өкіл имам медіресе шәкірттерін ішкі тәртіпті қатаң сақтауға шақырды. 

Еске сала кетейік, бүгінде медіресе жаңынан спорт залдың құрылысы басталды. Спорт нысаны демеушілердің көмегімен салынып жатыр.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

0 пікір