Өкіл имам «Кешкі кездесуде»
Өкіл имам «Кешкі кездесуде»
04.06.2019 16:14
379
0

 Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы қалалық «Ирбис» телеарнасының  «Кешкі кездесу» бағдарламасы арқылы алдағы Ораза Айт мерекесі, Айт намазының уақыты,  мереке қарсаңында облысымыздағы қала, аудан, ауыл мешіттері тарапынан атқарылатын мәдени-имани-иләһи іс-шаралар туралы кеңінен әңгімелеп берді. Сонымен қатар бұл іс –шаралар өткен 01 маусымдағы халықаралық балалар күні құрметіне орайластырылып балаларға арналған спорттық, ән-күй, ойын-сауық және балалар арасына имандылық тақырыбындағы әртүрлі сұрақ-жауап, викториналық ойындар да жүргізілетінін тілге тиек етті.

Сондай-ақ Айт мерекесінің көл-көсір дастарханы, дәмді палау да жеткілікті болатыны айтылды. Өкіл имам өз сөзін:

 «Рамазан айында мешіттерімізде ауызашар беріліп, қайырымдылық іс-шаралар жүзеге асты. Көпбалалы отбасылар мен көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасалды. «Ел үлесі-пәтерге!» акциясы арқылы көп балалы отбасыға пәтер берілді. Осынау игі іске үлес қосқан барша жомарт жандарға алғыс айтып, Алла разы болсын деймін.

Ораза Айт мерекесі құтты болсын! Алла Тағала дұға-тілегімізді, қасиетті айда жасаған қайырлы амалымызды, берген зекет пен пітір садақамызды қабыл еткей!

Әрбір отбасына амандық, жақсылық тілеймін. Раббымыз рамазаннан рамазанға дейін айдан аман, жылдан есен жеткізе бергей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әумин!»,-деп аяқтады.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір