Өкіл имам журналистерге құрмет көрсетті
Өкіл имам журналистерге құрмет көрсетті
28.06.2019 12:56
1552
0

Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы өңірлік БАҚ арқылы салмақты сөздерімен салиқалы пікірлері арқылы облыс жұртшылығына хақ дініміз жайлы сөздерімізді жеткізіп,  маңызды  міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқан  журналистерді қабылдап құрмет көрсетті. Дастархан басында  «Ертіс», «Ирбис» телеарнасы, «Сарыарқа самалы» газеті, облыстық «Халық радиосы» және облыстық «Павлодарньюс» ақпараттық порталының тілшілері болды.

Өкіл имам өз сөзінде: «Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп екендігін, әрі жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы түсінеміз. Қаламдарыңызға қасиетті тақырыптар ілінсін, ал сіздің әр сөзіңіз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын, қаламдарыңыз мұқалмасын, еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз келісті болсын. Шабытты шығармашылық мол табыс тілеймін.  Жаратқан сізге жар болып, жаңалықтың жаршысы болып жүре беріңіздер!»,-деді.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір