Өкіл имам жазасын өтеушілерге уағыз айтты (ФОТО)
Өкіл имам жазасын өтеушілерге уағыз айтты (ФОТО)
12.04.2018 13:20
485
0

  ҚМДБ-ы іс-қызметтірінің басты бағыттарының бірі  жат ағыммен және  терроризм бойынша  бас бостандығынан  айырылғандармен  түзету мекемесінде  жалпы және жеке   түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Ос ыған орай   Павлодар облысының өкіл имамы  Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы  қала маңындағы   АП-162/3 Түзету мекемесінде  болып жазасын өтеушілерге уағыз-насихаттар айтты. Уағызға жалпы саны 17 жазасын өтеп жатқан жастар қатысты.

Уағыздың негізгі  мазмұны «Исламдағы алғашқы бөлінушілік», «Исламдағы ақыл –ойдың  маңыздылығы»  турасында өрбіп, кеңінен түсіндірілді.

Уағыз  барысында  жазасын өтеушілер әртүрлі сұрақтар қойып,  толық түсініктер алды.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір