Өкіл имам Екібастүз қаласында
Өкіл имам Екібастүз қаласында
29.10.2018 17:17
1878
0

Аптаның алғашқы күні Павлодар облысының  өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы Екібастұз қаласында  болды.

Алдымен жат ағымда жүрген бауырларымызбен кездесіп уағыз-насихат айқан өкіл имам,  келесі кезекте бесін намазында қалалық мешіт жамағатына уағыз айтты. Намаздан кейін Екібастұз ауданына қарасты  ауыл мешіті имамдарымен  жиын өткізіп: ҚМДБ-нан келген тапсырмаларды уақытында орындау, облыс имамдары арасына жарияланған «Жылдың үздік имамы» жарысына белсенді қатысу, шәкірт оқыту, зекет мәселесі,  облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде арнайы ұйымдастырып жатқан  бес күндік семинарға міндетті түрде қатысу, Алматы ислам институтына екі айлық курсқа барып білім-біліктілігін арттыру қатарлы көптеген мәселелерге арнайы тоқталды.

Жиналыстан кейін ақсақалдармен кездесіп олардың жаназа мәселесіне байланысты қойған сұрақтарына толық жауап беріп, «Жаназа және жерлеу рәсімі» кітабы ҚМДБ-нан бекітілген патуа  екендігін түсіндірді.  

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір