Өкіл имам әйел шәкірттерге уағыз айтты (ФОТО)
Өкіл имам әйел шәкірттерге  уағыз айтты (ФОТО)
16.04.2018 11:21
170
0

Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің  әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен өкіл имам Бертымұратов Жолдас  мешіттің діни сауат ашу курсының шәкірттерімен кездесіп уағыз айтты.  Өкіл имам өз сөзінде діни білімді мешіттен алудың артықшылығы туралы айта келіп бүгінде ҚМДБ-ның ұстанып отырған «Өзгеруді өзіңнен баста!»  ұранын түсіндірді.

 «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді»,-дейді қасиетті Құранда.  «Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды», – деген  болатын Бас мүфти Серікбай қажы Ораз. «Егер біз өзгеруді өзімізден бастамайтын болсақ, дінге шақыру жолындағы еңбегіміз жемісті болмайды. Оның үстіне Алла Тағаланың сөгісіне лайық боламыз. Құранда Алла Тағала өздерінің айтқандарын өздері амалға асырмайтын яхудилерді «Адамдарды жақсылыққа бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма?!» деп сөккен. Бүгінгі қоғамда әрбір мұсылман адамның көпке үлгі болуы өте маңызды деп қорытындылады өкіл имам  Жолдас Қоспақұлы өз уағызын.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір