ОБЛЫСТЫҚ «ХАЛЫҚ РАДИОСЫНДА»
ОБЛЫСТЫҚ «ХАЛЫҚ РАДИОСЫНДА»
27.02.2020 16:03
307
0

ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігінің баспасөз хатшысы, «Мазһаб.кз» діни-танымдық порталының бас редакторы Амантай Тойшыбайұлы облыстық «Халық радиосының»  «Айқын» бағдарламасына  сұхбат берді.

 45 минутқа жалғасқан тікелей эфирде журналист Құралай Рахымжановамен болған сұхбатта:  Ислам дінінің қазақ даласында өркендеуінің алғы шарттары, бүгінгі күнге дейін Қазақстанның солтүстік аймағындағы ислам дінінің XІX-XX ғасырлардың аралығындағы жағдайына тарихи талдау, қазақ тайпаларының  ислам дінін қабылдауы,  соның ішінде еліміздің солтүстік өңірлерінде, оның ішінде Ертіс-Баян өңірінде ислам дінінің тарай бастаған уақыты, қандай да бір қиындықтарға мойымай қазақ халқының ғасырлар бойғы салт-дәстүріне берік болуының сыры қатарлы ауқымды әңгімелер айтылып, көптеген сұрақтарға жауап берілді.

Сонымен қатар А.Тойшыбайұлы өзінің баспадан жаңадан жарық көріп жатқан «Павлодар өңірінің Ислам руханиятының тарихы» атты еңбегі жайлы да кеңінен таныстырып өтті.

0 пікір