"Нұр Астана" мешітінде айт намазы оқылды (ФОТО)
"Нұр Астана" мешітінде айт намазы оқылды (ФОТО)
18.07.2015 11:02
1861
0

Бүгін Астана мешіттерінде Ораза айт намаздары оқылды. Есі кірген баладан еңкейген қарияларға дейін мешітке жиылып, дін ислам жайында уағызға қанығып, осынау мерекені бірлікте жамағатпен айт намазын оқудан бастады. «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бұқараны Ораза айтымен құттықтай келе, дініміздегі мерекелердің мән-маңызы туралы әңгімелеп берді. Таң атысымен мешітке ағылған халық қарасы дінімізде дәріптелген мерекелердің бұқаралық сипат алып келе жатқандығын көрсетіп отыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы былтырғы жылдан бері дін саласында «Дін мен дәстүр» жылын жариялауына орай бүгінде ел аумағында дін мен дәстүрдің сабақтастығы көркем жалғасын тауып келеді. Осының айқын көрінісі ретінде бүгінде Ораза айты мен Құрбан айт мейрамдарының халықтық, бұқаралық сипатта өткізілуін атасақ болады.

Бүгінгі айт мерекесі де осындай игі дәстүрдің жарқын көрінісін паш етіп, астаналық тұрғындар мешіттердегі айт намазынан мерекелік көңіл-күйді сезінуде. Құшақ жайып, бауырмалдық танытып, дұға-тілек жасасты. Ақсақалды қариялар батасын беріп, дін өкілдері ел мен жердің амандығын сұрап, Жаратқаннан дұға етті.

Ummet.kz

0 пікір