Назарбаев, Ердоған және Аббас Мәскеуде мешіттің ашылуына қатысады
Назарбаев, Ердоған және Аббас Мәскеуде мешіттің ашылуына қатысады
07.09.2015 13:57
1781
0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Палестина басшысы Махмуд Аббас және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мәскеуде 23 қыркүйекте өтетін қалпына келтірілген мешіттің ашылу салтанатына қатысады.

-нового здания Московской Соборной мечети

Бұл туралы РИА Новости Ресей муфтилері кеңесі баспасөз қызметінің басшысы Гүлнұр Газиеваға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Палестина басшысы Махмуд Аббас және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мәскеуде 23 қыркүйекте өтетін қалпына келтірілген мешіттің ашылу салтанатына қатысады.

“Мәскеу мешітінің ашылуына барлық дерлік мұсылман елінен делегациялар қатысады. Қазірдің өзінде Түркия, Қазақстан және Палестина басшыларының келетіндігі анықталды”, — деді Газиева.

Мәскеу мешіті жаңа кешенінің ашылуы 23 қыркүйекте, мұсылмандардың үлкен мерекесі Құрбан айттың қарсаңында өтеді.

 www.nur.kz

 

 

0 пікір