НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ MAZHAB.KZ ТЕЛЕСТУДИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ MAZHAB.KZ ТЕЛЕСТУДИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
18.11.2021 08:29
437
0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарында Мәшһүр Жүсіп мешіті жанынан ашылған mazhab.kz телестудиясының ашылуына қатысты.

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы Бас мүфтиге телестудияның негізгі жұмыстары жайлы баяндады.

«Ақпараттың дамыған заманында біз де бұл саладағы жұмысымызды барынша жетілдіріп отыруымыз керек. Осы телестудияда сапалы телеөнімдерді әзірлеп, «Мұнара» телеарнасы арқылы халыққа жеткізуге назар аударыңыздар» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас имам Жолдас Қоспақұлы mazhab.kz телестудиясында қазіргі заманға сай роликтер түсірілетінін жеткізді.

0 пікір