НАСА «ұшатын тәрелке» пішіндес аппаратты сынайды
НАСА «ұшатын тәрелке» пішіндес аппаратты сынайды
03.06.2015 09:56
1608
0
www.24.kz

Америкалық ғарыш агенттігінің мамандары АҚШ-тың Гавай аралдарындағы әскери базасында LDSD аппаратын сынақтан өткізеді. Бір қызығы, жаңа аппарат «ұшатын тәрелке» пішіндес етіп жасалған. Егер бәрі ойдағыдай болса, соңынан бұл «ұшатын тәрелке» Марсқа бет алады, деп хабарлайды epochtimes.ru. LDSD бөгде планеталықтардың қиялдағы кемесін еске түсіреді. Ол диск пішінді және айналасы Марс бетіне қонғанда жұмсақ тиетіндей етіп, үрмелі белдікпен қапталған. Бұл белдік ғарыштық отынды үнемдеуге де себін тигізеді. «Ұшатын тәрелке» әуе шары мен қозғалтқыштың көмегімен 55 шақырым биіктікке көтеріледі. Жоспарға сәйкес ол Тынық мұхитқа өз бетінше қонады. Сынақ мақсаты - аппаратты Марс атмосферасына енуге жаттықтыру. Келешекте LDSD аппараты қызыл ғаламшарға ірі жүктерді таситын болады.

24.kz

0 пікір