Н.Ә.Назарбаев ОҚО әкімін “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады
Н.Ә.Назарбаев ОҚО әкімін “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады
08.08.2015 15:42
1440
0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Мырзахметовті “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Мырзахметовті “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады”, — делінген Ақорданың сенбі күнгі твиттер-аккаунтындағы хабарламада.

Тағайындау партияның саяси кеңесі бюросының отырысы аясында жүзеге асқан.

52 жастағы Асқар Мырзахметов 2009 жылдың наурызынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қызметін атқарып келеді.

Сол арада ҚазТАГ Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы ауысуы мүмкін деген ақпар таратты.

Белгілі болғандай, аймақтың жаңа басшысын таныстыру үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке келеді.

Бұдан өзге, сағат 16.00-де облыстық мәслихат отырысы өтеді. Онда депутаттар ОҚО-ның жаңа әкімін тағайындауға өз келісімдерін беретін болады

nur.kz

0 пікір