Наиб мүфти Түркиядан келген делегацияны қабылдады (ФОТО)
Наиб мүфти Түркиядан келген делегацияны қабылдады (ФОТО)
22.07.2015 10:19
936
0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы ынтымақтастық келісімге орай, Түркия тарапы қазақстандық шәкірттерге қолдау көрсетіп,  «Хасеки» оқу академиясына биыл үшінші рет талапкер қабылдамақ. Осыған орай, 21 шілдеде қазақ жеріне арнайы емтихан алу үшін келген Түркияның  Кайсери қаласындағы «Хасеки» білім беру орталығының ұстазы Мехмет Косе мен Коня қаласындағы «Селчук» білім беру орталығының директор орынбасары Карабажак Дурмусали Астана қаласында ҚМДБ Бас кеңсесінде наиб мүфти, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай Тағанұлы Өтпеновтың қабылдауында болды. Басқосуға Түркия елшісінің діни істер бойынша кеңесшісі Ибраһим Йылмаз мырза да қатысты.

Наиб мүфти Дінбасының сәлемін жеткізіп, қазақстандық талапкерлерге көрсеткен қолдауларына алғыс айтты.

«Тәуелсіздік алған жалдардан бері бауырлас Түркия елі Қазақстанға рухани салада қолдау көрсетіп келеді. Біздің шәкірттеріміз, діни қызметтегі имамдарымыз Түркияның ірі діни оқу орындарында ілімін жетілдіріп келеді. Осынау игі істеріңізге алғыс айтамыз», – деді Наурызбай Тағанұлы.

Сонымен Түркияға оқуға қабылдау емтиханы 22-23 шілде аралығында «Астана» медресесінің ғимаратында өтпек. Оқуға ниет танытқан «Нұр-Мүбарак» университеті мен ҚМДБ-ға қарасты 9 медреседен 60 үміткер емтихан тапсырады.

Түркиялық мамандар емтиханнан сүрінбей өткен 20 қазақстандық шәкіртке жолдама береді. Бұған дейін «Хасеки» оқу орынына 2013 жылы 27 шәкірт, 2014 жылы 20 шәкірт қабылданған болатын. Айта кететін жайт, Түркия тарапы қазақстандық шәкірттердің бару-келу жолын, ас-суы мен жатын орын және ай-сайын шәкіртақымен қаматамасыз етуде.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

0 пікір