Наиб мүфти қажылық фирмалары жетекшілерімен кездесті (ФОТО)
Наиб мүфти қажылық фирмалары жетекшілерімен кездесті (ФОТО)
23.02.2016 15:58
1470
0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз еліміздегі қажылық компанияларына жиналыс өткізді.

Жиынға қажылық компанияларының басшылары, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Қанат Бекжанов, ҚМДБ мешіт істерінің меңгерушісі Жәнділда Бекжігітов, ҚМДБ баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Басқосуға қатысқан қажылық компанияларына Діни басқарма тарапынан қажылық сапары барысында қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірнеше талаптар қойылды. Атап айтқанда,  әр компанияның 50 қажыға бір жолсерігі болуы қажет, Қазақстан төңірегінде компаниялардың кеңсесі болуы керек, қажыларды жедел жәрдем және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуі қажет.

Жиын барысында Қазақстан Қажылық Миссиясының атқарған игі жұмыстары туралы түсірілген арнайы бейнеролик көрсетіліп, Миссия төрағасы Ғылымбек Мәжиев баяндама жасады. Миссия жұмысы туралы мәлімет беріп, алдағы жұмыс жоспары жайлы мәлімдеді.

muftyat.kz

0 пікір