Мұсылмандардың сүйікті әншісі Сами Юсуфтың Ирандағы концертіне тыйым салынды
Мұсылмандардың сүйікті әншісі Сами Юсуфтың Ирандағы концертіне тыйым салынды
03.08.2015 10:13
1452
0

Мұсылман әлемінің сүйікті музыканты Сами Юсуфтың Ирандағы тарихи өлкеде концерт өткізуіне билік тыйым салды. Биліктің бұл шешіміне белгілі әншінің Израилдің Назарет қаласындағы жергілікті мұсылман жұртшылығына арнап концерт өткізуі себеп болған.

Иран билігі Сами Юсуфтың израильдіктер иелігіндегі аймаққа баруы Тегеран үшін кешірілмес қадам болып саналады деп хабарлады.

«Мен Иран билігінің бұл шешіміне таң қалып отырмын. Палестиналық  мұсылман бауырларыма қуаныш сыйлағаным үшін Ирандағы тыңдармандарыма концерт өткізе алмайтыныма тіптен қайранмын», – дейді әншінің өзі.

Нашид орындаушы ешқандай қауіп-қатерлерге қарамастан концертін өткізуге дайын екендігін атап өтті. Сондай-ақ палестиналықтарға өткізген концерті үшін Иран билігінен кешірім сұрауға да ниетті емес екендігін жеткізді. Сами Юсуф өнерді, оның ішінде музыка жанрын саясаттандырмаған жөн деп санайды.

Оны әр адамның тыңдау құқығы бар. Әнші алдағы уақытта еркін де тәуелсіз Палестина көгінде қуаныш әндері орындалады деген үмітін де жасырмады, деп жазады muslim.kz.

 

0 пікір