МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДІҢ КИІМ ҮЛГІСІ
МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДІҢ КИІМ ҮЛГІСІ
23.10.2020 11:44
472
0

Ислам дінінде әйел және ер адамға да әурет жерін жабудың маңызы зор,себебі Құран мен сүннетте бұл нәрселердің қажеттілігіне үлкен көңіл бөлінген. Қасиетті Құранда: "Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік бұйым түсірдік.Негізінде тақуалық киімі жақсы.Солар Алланың белгілері.Әрине түсінерсіңдер. (Ағраф сүресі 26 аят)

Павлодар облысы "Әйел-қыздар секторының" ұйымдастыруымен "Мұсылман әйелдің киім үлгісі" атты көрсетілім өткізілді.

Көрсетілім барысында киім үлгілері - шариғат талабына сай, заманауи және дәстүрлі нақышта болды. Көрермендер сән үлгілеріне оң бағасын беріп, әсемдік жағынан жақсы көңіл күй сыйлайтын көзге тартымды ашық түстерді ерекше ұнатты. Көрсетілімге қатысқан апаларымызға алғысымызды айтып, шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Дін жолындағы қосқан үлестері үшін Алла разы болсын,сауаптан жазсын деп тілейміз!

 

0 пікір