Мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік жобалар көрмесіне қатысуда
Мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік жобалар көрмесіне қатысуда
16.09.2015 10:31
1826
0

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі елімізде биыл үшінші рет ұйымдастырылды. Шараға қатысуға Батыс Қазақстан облысынан «Диабет», «Нұр шуағы» және «Демеу» секілді 7 қоғамдық ұйым өтініш білдірген. Байқауға мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғауға мүдделі мемлекеттік мекеме-ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктері қатыса алады. Мәселен, ұлттық жиһаз жасауға маманданған оралдық кәсіпорында 37 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Соның 17-сі мүмкіндігі шектеулі жан. Кәсіпорын басшысы Біржан Қожақовтың айтуынша, кембағал жандарға көрсетілер көмектің түрі сан алуан. Мүмкіндігі шектеулі жандар тап болатын қиындықтарды өз басымнан өткеріп келемін. Сондықтан оларға тек қаржылай ғана қолдау көрсетіп қоймай, өз кәсібін бастауына да қол ұшын береміз, - дейді кәсіпкер. Біржан Қожақов, кәсіпкер: - Қанша мүгедек жандар үйде отыр. Соларға рух бергіміз келеді. Намыстарын оятқымыз келді. Сондықтан қатысып отырмыз. Асылбек Сапарғалиев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы: - Көрменің мақсаты өмірде қиын жағдайға тап болған мүмкіндігі шектеулі жандарға, қоғамдық бірлестіктер мен қоғамның әлжуаз топтарының әл-ауқатын жақсартып, қолдау көрсетуге бағытталған. Облыстық деңгейде көрмеге қатысушылардың жобаларын іріктеу комиссиясы қарап, үздік деп танылғандарын республикалық көрмеге жолдайды.

24.kz

0 пікір