Мешіттерде сенбілік жұмыстары жүргізілді
Мешіттерде сенбілік жұмыстары жүргізілді
13.04.2019 10:38
209
0

Күнделікті тұтынатын тағамы мен киімі, бой-басы, төсек-орны, жұмыс орны, жүрген айналасы т.б. қажеттіліктері таза болмаса, адам жаны мазасызданады. Содықтан дініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөліп, оның маңыздылығын жан-жақты түсіндіреді. Қасиетті Құранда «Бақара» сүресінің 222-аятында: «Сөзсіз Алла тәубе еткендер мен тазалағандарды жақсы көреді», – деп, тазалықты мадақтайды.

«Тазалық – иманның жартысы» - демекші, әр мұсылманға түскен мiндет – айналамыздағы қоршаған ор­та­ны таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялау. Себебі мұсылман бүлдiрушi емес, бүтiндеушi, қирату­шы емес дұрыстаушы, зиян келтiрушi емес, пайда әкелушi.

ҚМДБ-ның Павлодар облыс мешіттерінде сәуір айынан бастап сенбілік шаралары жүргізілуде. Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал. Осындай сауапты істі жүзеге асыру мақсатында Ақсу қалалық мешітінің Бас имамының ұйымдастырумен мешіт ауласына "Әнет баба" мешіттің жамағаттары қасиетті жұма күні мешіт саябағына ағаш отырғызып, мешіт ауласына гүлдер отырғызу мақсатында арнайы техника әкеліп тазаландыру жұмыстарын жүргізді.

Кезекті сенбілік барлық қала, аудан, ауыл мешіттерінде ұйымдастырылды.

"Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі

 

 

0 пікір