МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ ОНЛАЙН ДҰҒА ЖАСАДЫ
МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ ОНЛАЙН ДҰҒА ЖАСАДЫ
13.07.2020 14:24
1382
0

Павлодар қалалық "Ақмешіт" мешітінің "Әйел қыздар секторы"-ның ұйымдастырумен Рамазан айынан бастау алған Құран хатым түсіру шарасы жалғасын табуда. 13 шілде - Жалпыұлттық аза тұту күніне орай қатерлі індеттен науқастанып қайтыс болған кісілердің рухтарына Құран хатым дұғасы жасалды.

"Хатымды оқыған және тыңдағандардың дұғасы қабыл болады.» (Әбу Нуайм) деген хадис бар.

Осы хадистен үміт етіп 50 ден аса әйел жамағаты онлайн түрде қол жайып дұға жасап ел халқына амандық-саулық, жұқпалы індеттің тезірек жойылып, мамыржай тіршіліктің қалпына келуін Алладан тіледі.

 

 

0 пікір