Мешіт шәкірттері білім сайысына түсті
Мешіт шәкірттері білім сайысына түсті
30.12.2019 14:25
1099
0

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде Әйел-қыздар секторының жетекшісі Ақерке Тұрғынбайдың ұйымдастыруымен қыз-келіншектерге арналған сауат ашу курсының шәкірттері арасында «Бес парыз» атты интелектуалды білім сайысы өтті.

Сайысты ұйымдастырудағы мақсат – ұстаздардан алған білімдерін тексеру, шәкірттерді одан әрі білім алуға ынталанлыру. Сайысқа мешіт ұстаздары Нұрилә Тілеу, Жадыра Бердімұрат, Қалдыгүл Белесқызы төрелік етті.

Сайысқа барлығы төрт топ қатысты. Әр топта үш-үш адамнан болды. Ақида пәнінен, Намаз, ораза, зекет, қажылық бөлімдерінен сұрақтар дайындалды.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Фирдаус» тобы иеленді. Екінші орын «ЗәмЗәм» тобына бұйырса, үшінші орынды «Раян» тобы олжалады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Шара соңында білімнің артықшылығы туралы уағыз айтылып, өткен аптада ұшақ апатынан қаза тапқан жерлестеріміздің рухына құран оқылып, дұға бағышталды.

0 пікір