Мерекелер құрметіне көмек жасалды (ФОТО+ВИДЕО)
Мерекелер  құрметіне көмек жасалды (ФОТО+ВИДЕО)
08.03.2019 16:40
1058
0

Мәшһүр Жүсіп» мешіті 08 наурыз күні қасиетті үш айдың басталуы және халықаралық әйелдер мерекесіне орай   көп балалы, жалғыз басты 35 анаға азық-түлік, ет, жамағаттан жиналған  киім-кешектермен көмек жасады. Сонымен қатар аталмыш мешітте жұмыс істейтін барлық әйелдерге мерекелік дастархан жасап, сый-сияпаттар табыс  етілді.

Қасиетті Құранда Алла Тағала «Хаж» сүресінің 77-аятында«Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни ақыретте де тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)», – деп әмір еткен. Сол үшін мұсылман баласының бір-біріне көмек-жәрдем жасауының сауабы мол. Садақа беруден мал-мүлік азаймайды, қайта Алла сол жақсылық жасаушы пенденің нығметін көбейтіп, беделін арттырады. 

 Осы сауапты мақсат еткен «Мәшһүр Жүсіп» мешіті 08 наурыз күні қасиетті үш айдың басталуы және халықаралық әйелдер мерекесіне орай   көп балалы, жалғыз басты 35 анаға азық-түлік, ет, жамағаттан жиналған  киім-кешектермен көмек жасады.

Көмек алған отбасы мүшелері өз кезегінде мешіт ұжымына ризашылықтарын білідіріп, алғыстарын жаудырды.

Алла Тағала барлығымыздың жүректерімізге қайырымдылық пен мейірімділікті молынан ұялатып, ізгі жандардың қатарынан болуды нәсіп етсін!

 

 

 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір