МЕДРЕСЕГЕ КОЛЛЕДЖГЕ ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
МЕДРЕСЕГЕ КОЛЛЕДЖГЕ  ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
27.02.2023 14:30
911
0

 Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің қызметкерлеріне және медресе шәкірттеріне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылдың ақпан айының 24 күнгі №505 бұйрығын таныстырды. Аталмыш бұйрық бойынша «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры болып  Арман ҚАИРГЕЛДІ тағайындалды.

Арман ҚАИРГЕЛДІ: 1993 жылы Павлодарда дүниеге келген.

  «Астана» медресесін «Исламтану» мамандығы бойынша, «Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті» университетін «Исламтану» мамандығы бойынша тамадаған.

Павлодар облысы, Ақтоғай аудандық мешітінде наиб имам, Павлодар қаласындағы «Бижан» мешітінде наиб имам, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінің тәрбиешісі, арнайы пәндер ұстазы, тәрбие жөніндегі директор орынбасары қатарлы қызметтерді атқарып келген, болашағы зор жас маман.

 

0 пікір