Медресе шәкірттері ауыл жастарымен дөңгелек үстел өткізді (ФОТО)
Медресе шәкірттері ауыл жастарымен   дөңгелек үстел өткізді (ФОТО)
15.05.2018 14:02
252
0

Баянауыл ауданы, Майқайың кенті «Кенші» мәдени-сауық орталығында Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімі, ҚМДБ Республикалық Ислами Діни Бірлестігінің Филиалы «Майқайың» ауылдың мешіті, Майқайың кенті әкімшілігі және «Ақ қайың» қоғамдық қоры, «Майқайың жалынды жастары» кеңесінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел қонақтары ҚМДБ-ның филиалы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінің шәкірттері, Майқайың кенті әкімшілік аппараты, мектеп директорлары, тәрбие ісі және оқу ісі меңгерушілері, ішкі істер бөлімі қызметкері, «Ардагерлер кеңесі» мүшелері, қоғам қайраткерлері мен жастар жаңашырлары және Майқайың кенті «Нұр Отан» бастауыш партиясы болды.

«Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінің шәкірттері Ышық Мұхаметжұма мен Бердібек Ерғалым Майқайын кентінің №1 және №2 ЖОББМ-тің 8-ші сынып пен 11-ші сынып аралығындағы мектеп оқушыларына Ислам дінінің әдемілігін, лаңкестік пен зорлық-зомбылыққа қарсы екенін және жасөспірімдерді ата-анаға қарсы шығу, нашақорлық, суицизм, терроризм және басқа да қоғамда болып жатқан мәселелердің алдын алу мақсатында жастарға жалпы адамгершілікті, гуманизм мен толеранттылықты және елжандылық, ұлтжандылық, отанды сүю, патриотизмді насихаттады.

Дөңгелек үстел барысында мектеп оқушыларына Ислам, қоғам және отбасы тақырыптарында сұрақтар қойылып, жауап бергендер мен белсенді оқушыларға сыйлықтар таратылып, ауылдың өнерлі жастары домбыраменен күй шетті.

Айта кетерлік жайт, ауыл жастарына Құран жаттатып, Ислами тәлім-тәрбие беріп отырған Майқайың ауылының мешіті осы іс-шараны пайдалана отырып, мешіт шәкірттері мен ата-аналарына алғыс хаттарын табыстады.

Дөңгелек үстел соңынан жоғарыда айтылған «Әбу Бәкір Сыддық» медресе шәкірттері дөңгелек үстелге қатысқаны үшін Майқайың кентінің әкімі Ақанов Сұңқар мен мешіт имамы Солдат Бодаубек  алғыс хаттармен марапатталды.

 

0 пікір